Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр

Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр

Зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген. Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,6 миллиард теңгеге жетті.  2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігін тұрақты хабарлап тұратындығына қарамастан, 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген.
"Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жетті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, зейнет жасына толған, алайда төлемдерін әлі алмаған азаматтар үшін қазақ және орыс тілдерінде SMS-хабар, электронды пошталарға хабарламалар, тіпті мекенжайларына хат-хабарлар таратылып жатыр.
"Зейнет жасына жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жергілікті мекенжай бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі тиіс. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынылады. Банк шотына қор төлемдері мен мемлекеттік зейнетақылар ай сайын бір мезгілде аударылады", - делінген қордың сайтында.
БЖЗҚ мәліметінше, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер – 63 жас, әйелдер биыл – 59,5 жас), сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар белгіленген кесте бойынша қордағы міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинағы есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
"Егер зейнеткер қордан зейнетақы төлемдерін алу үшін мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. 12 еселенген мөлшер – 463 632 теңге. Егер шоттағы ақшаның көлемі бұл сомадан артық болса, зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріледі", - деп нақтылады БЖЗҚ.


12 ақпан 2020 ж. 1 668 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031