Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да өтініш жіберіп жатыр

Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да өтініш жіберіп жатыр

Өтініш түсірген 10 мыңнан астам адамның 2 мыңы қорындағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратқаны белгілі болды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 8 мыңнан аса қазақстандықтың өтінішін мақұлдап, есепшоттан 49 миллиард теңге шешіп алуға рұқсат етті.
Төрт күнде барлығы 10 292 адам өтініш түсірген екен. Алайда тек 8 мың адамның ғана өтініші орынды болып шыққан. Қалған 2 мың адам қорындағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратыпты. Тіпті зейнетақы шоты жоқ азаматтар да жұрттан қалыспай өтініш жіберген, деп хабарлады ktk.kz.


Мақұлданған 49 миллиард теңге бес күннің ішінде банктердегі азаматтардың арнайы есепшотына аударылады. Қазір бұл қаржылық операцияны 4 банк: "Отбасы банк", "Халық банк", "Банк Центр Кредит" және "Алтын банк" жүзеге асырады.

Зейнетақы шотынан алынған ақша жеке қолға берілмейді. Егер ол сома 45 күн ішінде пайдаланылмаса, зейнетақы қорына қайтарылады. Ақшаны қайта шешіп алу үшін азаматқа қайтара өтініш жазуға тура келеді.

"Қателік болмау үшін салымшыларымыз алдымен өз есепшотын тексеріп, көз жеткізу керек. Содан кейін ғана уәкілетті оператордың сайтында өтініш береді", - дейді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ департамент директоры Қайрат Кенбаев.



28 қаңтар 2021 ж. 2 558 0

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 39

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 38

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 39

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 72

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031