Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы тауар – басты басымдық

Сапалы тауар – басты басымдық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы заңды дайындау және оны 2020 жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Өйткені техникалық реттеу туралы заңнама 10 жыл бұрын қабылданған және бүгінгі күннің шынайылығына сәйкес келмейді.

Бұдан басқа, «Өнім сапасы екінші орында қалмауға тиіс. Ұлттық сертификаттау жүйесін дамыту, ұлттық стандарттардың беделін қайтару қажет» деп атап өткен болатын. Осылайша, отандық техникалық реттеу саласы түбегейлі қайта қаралып, оны қайта жүктеу үшін барлық объективті жағдайлар мен шарттар қайта қаралды. Нәтижесінде, 2020 жылғы 30 желтоқсанда Президент «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Заң жобасына қол қойды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Заң күшіне енеді.
Негізгі мақсат – өнімнің қауіпсіздігі, оның сапасының сәйкестігі, нормативтік құжаттардың талаптары тұрғысынан республика тұрғындарының, яғни тұтынушылардың мүдделерін қорғау және сынақ зертханаларының және басқа субъектілердің сәйкестігін растаушы органдардың қызметін бақылау.
Кәсіпкерлік кодексі бақылаушы мен бизнес арасындағы құқықтық қатынастарды қатаң реттейді, бірақ тұтынушыларды қауіпсіз тауарлармен қамтамасыз ету маңыздылығы ескеріле отырып, инспекторға аккредиттелген зертханаларда сынақ жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу мақсатында субъектіге кедергісіз баруға мүмкіндік беретін тиісті түзетулер енгізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, оны айналымға шығаруға тыйым салу түрінде жедел ден қою, ал қауіпті өнімге қатысты оны алып қою көзделген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот арқылы одан әрі жою, кәдеге жарату не қайта өңдеу үшін иелік құқығынан айыруға дейін шара көріледі.
Алайда, бұл жағдай біздің инспекторлардың мұндай іріктеуге талдаусыз шығатынын білдірмейді, сондықтан бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бармай профилактикалық бақылау тетігі енгізіледі, бұл ақпараттық дереккөздерге камералдық талдау жүргізіледі. Дәл осы өнім айналымы мен мемлекеттік бақылау процестерін цифрландыру бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты және адал бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша өзінің оң әсерін беруі тиіс. Басты басымдық Қазақстан нарығына қауіпті өнімді айналымға шығаруға жол бермеу болды, осыған байланысты уәкілетті органның құзыреті кеңейтіледі, бұл қауіпті өнімді біздің дүкендеріміздің сөрелеріне түскенге дейін тоқтатуға мүмкіндік береді және оны барлық дүкендер бойынша бақылау қажеттілігі туындамайды.
Халықты қауіпсіз өніммен қамтамасыз етумен қатар, басты мақсаттардың бірі отандық өнім өндірушіні қорғау. Нарықта қауіпсіз емес өнімнің болуына тікелей әсер ететін барлық жоғары және төмен тәуекелдер бағаланып, сертификаттау саласының осалдығын анықталды.
Сертификаттау сапасын арттыру арқылы еліміздегі сапалы өндіріс қамтамасыз етіледі. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға шығаруға алып келген, сертификаттау кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін Өндіруші зардап шекпеуі керек. Осыған байланысты осы сертификаттауды жүзеге асыратын органдар мен зертханаларға, сарапшы-аудиторларға,бүгінгі күні осы кадрларды даярлауды жүргізетін оқу орталықтарына дейін бақылау күшейтіледі.
Енгізілетін мемлекеттік бақылау және қадағалау тетігі кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігіне бармай профилактикалық бақылау арқылы (бұл ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, камералдық бақылау жүргізу) қамтуға мүмкіндік береді, заңнама талаптарының бұзылуы туралы мәліметтер болған жағдайда бақылау жүргізу үшін тауар үлгілерін сатып алу жүзеге асырылады, ал зерттеулер (сынақ) нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары қолданылатын болады.
«Техникалық реттеу туралы» жаңа редакциядағы Заңды қабылдаудан күтілетін нәтижелер: ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім үшін жағдай жасау, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберіндегі ұлттықтан жоғары заңнамаға келтіру.
Қабылданған Заң аясында құқықтық салдар бөлігінде қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, сондай-ақ қосымша заңға ілеспе 40-тай нормативті-құқықтық актілер қабылданатын болады. Жаңа редакцияда қабылданған Заң талаптары жөнінде қосымша туындаған сұрақтар боған жағдайда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хабарласуға болатындығын жеткіземіз. Департаменттің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі, 12: телефондары :278721, 274482, электрондық поштаcы: gosnadzor@ bk.ru.
Қазақстан Республикасы Сауда және
интеграция минстрлігі Техникалық
реттеу және метрология комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
16 сәуір 2021 ж. 1 803 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930