Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтар алғысқа бөленді

Азаматтар алғысқа бөленді

Ел тәуелсіздігін алған жылдан бастап өз шекарасын бекемдеп, айбынды әскерін жасақтап, Қарулы күштерін күшейтті. Құрлықта да, теңізде де кәсіби мамандар ел қорғайтын ұландар әртүрлі дәрежедегі әскери мамандықтарды игеруде. Ел тыныштығы үшін қазір Қарулы Күштер сенімді қызмет атқаруда.
Елде жергілікті әскери басқару органдарының құрылған күні 12-қыркүйекте аталып өтеді. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
– Тарихқа көз жүгіртсек, 1918 жылдың 8 сәуірінде алғашқы әскери комиссариаттар құрылып, кейіннен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында олар қайта Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер болып өзгертілді. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлеріндегі жергілікті әскери басқару органдарына 200-ден астам бөлімше кіреді. Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі біздің ауданымыздағы жергілікті әскери орган болып табылады. Бүгінде ауданның қорғаныс істері бөлімінде 21 қызметкер елдің әскери құрылымын жақсарту, мерзімді әскери шақыру маусымын ұйымдастыру және аудан жастарының Отан алдындағы борышын өтеуге үлес қосумен қатар басқа да жауапты қызметтерді қалтқысыз атқарып келеді, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Мерекелік қабылдауда бірқатар бөлім қызметкерлері аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың және Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Нұрлан Көлбаев пен қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ардагерлері Нұрсұлтан Айекешов, Ғалымжан Бердібековтер сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап жатқан азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізді. Елдің амандығы мен тыныштығын, жастардың жарқын болашағын тіледі. Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты.
Айнұр ӘЛИ
16 қыркүйек 2025 ж. 113 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930