Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге шақыру пунктіне барды

Әскерге шақыру пунктіне барды

Қазір аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимаратқа шілде айында басталған жөндеу жұмысы қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың сыртқы қасбеті жаңғыртылумен қатар, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, инженерлік-коммуникациялық желілер мен жылу жүйесі толығымен қайта жаңартылуда. Аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Дәурен Тлеумбетов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге барып, осы ғимаратқа жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Сонымен қатар қорғаныс істері бөлімінің бастығы Нұрлан Көлбаевқа жөндеу жұмыстарының сапасына мән беріп, мерзімінде уақытылы аяқтауды бақылау керегін ескертті.
Одан соң Дәурен Оңғарбайұлы бөлімге қарасты әскерге шақыру пунктіне барды. Шақыру пунктінде медициналық комиссиядан өтіп жатқан әскерге шақырылушы азаматтармен және медициналық комиссияның мүшелерімен кездесті. Шақыру пунктінде өткен кездесуде аудан әкімінің орынбасары әскерге шақырылушы азаматтарға Отан алдындағы борышын абыроймен атқару, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру және қазіргі таңда әскерге барған азаматтарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер туралы мәлімет берді. Ал медициналық комиссия мүшелеріне өзіне міндеттелген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесін қатаң ескертті.
Айта кететін жайт, биыл аудан бойынша күзгі әскерге шақыру кезеңінде 96 тапсырыс берілген. Бүгінге дейін облыстық жиын пунктіне 14 азамат жөнелтіліп, оның төртеуі Отан алдындағы борышын өтеу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жөнелтіліпті.

Айнұр ӘЛИ
16 қыркүйек 2025 ж. 102 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930