Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанның үш облысында -1°С-қа дейін үсік күтіледі

Бүгін Қазақстанның үш облысында -1°С-қа дейін үсік күтіледі

Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: Pixabay
2025 жылғы 16 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанда найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жауын жаууы, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін, сондай-ақ үсік жүреді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, түнде үсік күтіледі:
-2°С-қа дейін – Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында,
топырақ бетінде -1°С-қа дейін – Ақмола облысының солтүстік-шығысында.
"Атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз қатты жауын-шашын болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
"Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал", - деп нақтылады "Қазгидромет" РМК.
Сонымен қатар бірқатар аймақта өрт қаупі күтіледі:
жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында;
төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында.
16 қыркүйек 2025 ж. 317 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930