Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Ұлттық кітапхана басшысы Қазалыда

ҚР Ұлттық кітапхана басшысы Қазалыда

Жақында ҚР Ұлттық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева ауданға жұмыс сапарымен келді. Ұлттық кітапхана басшысы алдымен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовпен бірге аудан орталығындағы «Руханият» орталығымен және орталықта орналасқан аудандық кітапхананың жұмысымен танысты.
Биыл пайдалануға берілген «Руханият» орталығындағы неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі келушілерге тұрақты қызмет көрсетуде. Бүгінде аудандағы барлығы 26 кітапханада 577 мыңнан астам кітап қоры жинақталған болса, «Руханият» орталығындағы аудандық кітапхананың өзінде 49 677 кітап қоры бар. Бүгінде жаңа, заманауи ғимаратқа көшірілген кітапханаға келушілердің де саны өскен. Орталық кітапхананың 5500-ден астам тұрақты оқырманы бар.
Кітапхана жұмысымен танысқаннан кейін Ғазиза Нұрғалиева арнайы аудандық кітапханалар қорын толықтыру мақстында Ұлттық кітапхана тарапынан резервте тұрған 1000 дана кітап сыйға беретін айтты. Ұлттық кітапхана басшысы «Руханият» орталығынан кейін Өркендеу ауылдық округінде орналасқан көне Жанкент қалашығына барып, ондағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлермен танысты.
Жанкент қалашығы – аудандағы республикалық маңызы бар тарихи, мәдениет ескерткіш. Қазақстанның ортағасырлық, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зерттеудегі маңызды нысан. VІІ–XII ғасырлардағы Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі, Оғыз қағанатының астанасы саналған. Мұнда 2014 жылдан бері қазақстандық және шетелдік археологтардың қатысуымен кешенді зерттеу жүргізілуде. Көне шахардың тарихымен танысқан Ғазиза Құдайбергенқызы тарихи құнды қазынамыз, жәдігерлерімізді келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру, оны насихаттау жұмысы үздіксіз жалғасу керегін жеткізді. Ұлттық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева Әйтеке би кентіндегі абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген Қазалы мәдени-демалыс кешенінің де жұмысымен танысты.

А.АЙДАРҚЫЗЫ
16 қыркүйек 2025 ж. 109 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930