Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаршы алаңдағы шеберлік

Шаршы алаңдағы шеберлік

Қазалы жұртына қуанышты жаңалық Польша елінен жетті. 8-12 қыркүйек аралығында өткен халықаралық бокс турнирінде жерлесіміз Зарина Толыбай топ жарып, ел абыройын асқақтатты.
Жас боксшылар арасында ұйымдастырылған айтулы жарысқа 11 мемлекеттен 170-ке жуық спортшы қатысып, шаршы алаңда шеберліктерін сынға салды. Әр елдің үздік деген үміттері қатысқан бұл жарыста Зарина Толыбай 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп шықты. Тек мықты физикалық дайындықпен ғана емес, тактикалық шеберлік, батылдық пен төзімділік танытқан жерлесіміз финалда да өзін сенімді көрсетіп, алтын жүлдеге лайық екенін дәлелдеді.
Зарина – Қазалы ауданы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Жаттықтырушысы – Руслан Жолбарысов. Бапкер мен шәкірттің тынымсыз еңбегінің, табандылығы мен ұзақ уақыт бойғы дайындықтарының нәтижесі – бүгінгі үлкен жеңіс. Ел үмітін ақтаған спортшыны шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да халықаралық деңгейде ел мерейін үстем ете беруіне тілектеспіз.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
16 қыркүйек 2025 ж. 178 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930