Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспанамен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Баспанамен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Әкімдікте баспана кезегінде тұрғандардың базасы Отбасы банкіне беріледі. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
«Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заң жобасының тұжырымдамасы аясында әкімдіктердің тұрғын үйді есепке алу және бөлу жөніндегі функцияларын жаңадан құрылған Отбасы банкіне беруді көздейтін жаңа тұрғын үй реформасының құралдарын енгізу жөніндегі тәсілдер мақұлданды. Әкімдіктерде кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы Отбасы банкіне беріледі. Отбасы банкі базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады. Ол кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасын жүргізуді, мониторингтеуді, өзектендіруді, тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қоюды және есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес қою күні бойынша азаматтарға тұрғын үйді бөлу орталықтандырып жүзеге асыратын болады», – деді Асқар Мамин.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
30 наурыз 2021 ж. 2 237 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930