Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялады. Сонымен қатар «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылатынын айтты. egemen.kz

 «Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде толыққанды даму және қолдау институты ретінде «Отбасы банк» құруды тапсырған болатын. «Отбасы банкі» жұмысының негізгі қағидаты ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға бағытталады», деді министр.
Оның айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады.
«Ол үйге мұқтаж жандарды есепке алады. Сондай-ақ, қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қойылған күні бойынша бөледі. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға деректі қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», деді Бейбіт Атамқұлов.




23 ақпан 2021 ж. 2 883 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 300

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031