Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үздік педагог-2018» байқауы жарияланды

«Үздік педагог-2018» байқауы жарияланды

Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді. Биылғы кезекті байқау жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Алты жыл ішінде конкурсқа 27556 мұғалім қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 304 мұғалімі жеңімпаз болып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы мен «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері атанды.
Биыл «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына мектепке дейінгі және орта білім саласы педагогтарынан 109 құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 37 құжат келіп түсті.
Бүгін «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссия жұмысын бастады.
Конкурстың қорытындысы бойынша 64 жеңімпазға «2018 жылдың үздік педагогы» төсбелгісі, куәлік, сондай-ақ, 1000 АЕК сомасында сыйақы табыс етіледі.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031