Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 25406 теңге

Қызылорда облысындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 25406 теңге

2019 жылғы наурызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25406 теңгені құрады.

Статистика департаментінің мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы наурызды өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға  жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,4%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 11,5%, жемістер мен көкөністерге – 8,9%, нан және жарма өнімдеріне – 7,5%, май және тоң май өнімдеріне – 4,2%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,5%, балыққа – 2%-ды құрады.

«Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген», – делінген департамент таратқан ақпаратта.

05 сәуір 2019 ж. 1 545 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 38

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 102

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 19

Барлаушы Сағымов

21 мамыр 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031