Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызмет бабында қаза тапқан полицейлер отбасы баспана төлемін ала береді

Қызмет бабында қаза тапқан полицейлер отбасы баспана төлемін ала береді

Қызмет барысында қаза тапқан немесе жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасылары енді баспана төлемдерін алуды жалғастыра береді. Сенаторлар бүгін Заң жобасына осындай түзету енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.

Бұл тармақ бұрын реттелмеген болатын. Яғни егер полицей қызмет кезінде жарақат алып, не қайтыс болса тұрғын үй жәрдемақысы тоқтатылатын. Бұл полицей мен оның отбасының онсыз да күрделі жағдайын едәуір қиындатады. Сенаторлар сақшылар отбасы осындай жағдайға душар болған кезде белгіленген төлемдерді ипотека мерзімі аяқталғанға дейін немесе жалдамалы тұрғын үй толық сатып алынғанға дейін сақтап қалдыру туралы ұсыныс айтты.

Бас комитет қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауыр жағдайға тап болған: жарақат алған, бір жерін сындырған немесе контузия алған ішкі істер органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ қаза тапқан қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауға арналған түзетулер ұсынып отыр. Онда, атап айтқанда, ипотекалық шарт немесе кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін бұрын белгіленген тұрғын үй төлемдерін Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтау ұсынылады, деп атап өтті сенатор Сергей Ершов өз баяндамасында.


04 наурыз 2021 ж. 2 580 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 594

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 037

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031