Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекедегі марапат

Мерекедегі марапат

Қазалылық полицейлер 8 наурыз мерекесінде қызмет бабында қаза тапқан азаматтың жарына құрмет көрсетті. Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Сағымбаев бастаған бір топ тәртіп сақшылары Қайрат Қалековтың жары Әлия Салмұрзаеваны мерейлі мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік қолдау қорынан бөлінген қаржылай сыйақыны (30 мың теңге) табыс етті.

Айта кетейік, ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халықтың қауіпсіздігін қорғау жолында қырағылық танытқан полиция сержанты Қайрат Қалеков 1998 жылдың 12 ақпанында қызмет барысында қылмыскердің қолынан мерт болды. Қылмыскерді тұтқындау кезінде ерлік көрсеткені үшін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Аудан орталығындағы бір көшеге Қайрат Қалековтың есімі берілді. Артында қалған жалғыз ұлы Мақсат әкесінің жолын жалғастырып, қазіргі кезде полиция саласында қызмет атқарып жүр.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
12 наурыз 2019 ж. 2 771 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 310

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031