Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіп сақшыларына құрмет

Тәртіп сақшыларына құрмет

Жеңіс мерекесінде қазалылық полицейлер Ұлы Отан соғысына қатысып, ішкі істер органында қызмет атқарған және қызметтік міндеттерін атқару барысында қылмыскерлер қолынан қаза тапқан әріптестеріне құрмет көрсетті.

Бұл күні тәртіп сақшылары “Жеңіс” саябағында орналасқан “Полиция – біздің қорғанымыз” атты тағзым алаңына жиналып, ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараға аудан әкімі М.Ергешбаев бастаған аудандық, облыс­тық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме-кәсіпорын басшылары арнайы қатысып, полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Аудан басшысына бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ш.Бекетов полиция қызметкерлерінің марқұм болған жандарға тағзым ету үшін сапқа тұрғызылғандығын баяндады.
Мұнан соң қызмет барысында үлгілі ісімен көзге түскен бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтар болсақ, департамент бастығының бұйырығымен криминалды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А.Аңсатов, тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция майоры Б.Тұрман, кезекші бөлімшесінің аға кезекшісі, полиция майоры А.Өмірзақовқа Құрмет грамотасы және бөлімнің ардагерлері Б.Жақсыбаев пен Н.Нарымбетовке Алғыс хат табыс етілді.
Аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әлиев пен полиция ардагері Қ.Мұханов ішкі істер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздерін жеткізді.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
14 мамыр 2019 ж. 2 161 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 211

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 145

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031