Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несие алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

Несие алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуы бойынша 2020 жылдың қазан айында белгісіз азаматша 10 миллион теңге көлемінде несие алып беремін деп сеніміне кірген.
Алаяқ жәбірленушіге «Актив центр» орталығынан несиеге «Айфон-11» маркалы ұялы телефонын алдыртып, 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Зардап шегуші көп ұзамай алаяқтық құрбанына айналғанын түсінеді.
«Дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру қорытындысына сай қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталды. Қазіргі таңда, күдікті толықтай өз кінәсін мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

23 ақпан 2021 ж. 2 471 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930