Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасылар үшін баспана құрылысы басталды

Көпбалалы отбасылар үшін баспана құрылысы басталды

Аз қамтылған көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен "Болат Өтемұратов қорының" қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі,-деп хабарлайды syrboyi.kz облыс әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті бюджет есебінен 50 отбасы және қалған 100 отбасы қор есебінен үйлі болады.

Баспананың 1 ш.м. құны 70 мың теңгені құрайды және тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінді.

Өз тарапынан әкімдік осы уақытқа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар - электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай – ақ, әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді.

Аталмыш меморандумға ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте қол қойылды.
ҚР Премьер - министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көп балалы және толық емес, отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қызылорда облысы халқының әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешудегі тәжірибесі ерекше аталып өтілді. ҚР Үкіметі басшысы Қызылорда облысының оң тәжірибесін басқа да аймақтарға енгізуді тапсырып, бизнес өкілдерін әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.
08 сәуір 2019 ж. 1 207 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031