Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық кәсіпкер «Қазалы» конфетінің 8 түрін шығаруда

Қазалылық кәсіпкер «Қазалы» конфетінің 8 түрін шығаруда

Қазалылық кәсіпкер Сандуғаш Әбілхасымқызы біздің ауданның бренді саналатын «Қазалы» конфетінің 8 түрін шығаруда. Олардың арасында ащы кәмпитпен қатар, рокс, соломка, барбарис, апельсин, лимон, дюшес, шоколад сияқты түрлері бар.
  Сандуғаш Әбілхасымқызы бұл кәсіппен айналысуды 2018 жылы бастап, бастапқы уақытта конфеттің 3-4 түрін шығарған. Әдепкіде дайын өнімдерді аудан орталығындағы сауда нүктелеріне өткізген. Кейін бұл конфеттің дәмін татқан жандардан сұраныс көбейіп, тіпті көрші аудандардан да тапсырыстар түсіп, конфет түрлерін көбейтуді жоспарлайды.
Қазіргі таңда конфет шығару отбасылық кәсіпке айналған. Жеке кәсіпкердің қызы МеруертТемірбай анасына қолғабыс қылуда. Ол өткен жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқу курсынан өтіп, 555 600 теңге грант иегері атанды. Бұл қаржыға конфет шығару цехына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Шағын цехтағы 3 кондитер маманы күніне 100-150 келі конфет түрлерін дайындайды. Сандуғаш Әбілхасымқызыалдағы уақытта конфет түрлерін 1 келілік дайын қаптамаларда шығаруды жоспарлап отыр.
16 ақпан 2021 ж. 3 172 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30