Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиһаз цехы ашылды

Жиһаз цехы ашылды

Жақында қазалылық Гүлзат Көшерова жаңа жиһаз цехын ашып, жеке кәсібін бастап кетті.
Жерлесіміздің бұл саладағы алғашқы қадамын жасауға Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының септігі тиді. Көптен бизнес ашуды жоспарлаған Гүлзат Жаниязқызы өткен жылы «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқу курсынан өтіп, мемлекеттік бағдарлама аясында «Қызылорда Өңірлік Инвестиция Орталығы» ЖШС-нен несие алды.
Қазіргі таңда жаңа жиһаз цехы әр түрлі формадағы ағаш өнімдерін дайындауда. Кәсібін жаңа бастағанына қарамастан аудан тұрғындарынан тапсырыстар көп түсуде.
– Мен кәсібімді бастау үшін алдымен жеңілдетілген несие алдым. Бастапқыда ісіміз алға басса жақсы, ал шығарған тауарларымыз өтпесе не істейміз деп қобалжығанымыз рас. «Көз қорқақ, қол батыр» деген рас екен, көп уақыт өтпей алғашқы тапсырыс та түсті. Қазір тапсырысқа қарай үстел, орындық, шкаф жасап жатырмыз. Сапасы жақсы, бағасы арзан жиһаз болған соң сатып алып жатқандар бар, – дейді жас кәсіпкер.
Біз өз кезегімізде кәсібін енді ғана бастаған Гүлзатқа сәттілік тілейміз!
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
27 ақпан 2020 ж. 1 227 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031