Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәттілерімен танылған Арайлым

Тәттілерімен танылған Арайлым

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған, инновациялық бизнес-идеясы бар кәсіпкерлер грантқа үміткер бола алады. Солардың бірі – қазалылық іскер жас Арайлым Медеу бағдарлама аясында 530200 теңгеге қол жеткізді. Қайтарымсыз қаражатқа кондитерлік өнімдер дайындайтын қажетті жабдықтар алды. Арнайы пеш, асханалық комбайн, блендер, форма жиынтығы мен орешницаны иемденген кәсіпкердің қуанышында шек жоқ.

– Қайтарымсыз грантты иемдену үшін міндетті түрде кәсіптік білім алған дұрыс. Кәсіптік оқу – заман талабына сай, сұранысқа ие мамандарды қайта даярлайтын қысқа мерзімді курс. Еліміздегі индустрияландыру бағытының қарқынды дамуы, кәсіптік-техникалық мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Сондықтан да Үкімет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойды.
– Бағдарламаның мақсаты – азаматтардың қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай жұмысшы мамандығына даярлау, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргендерді қайта оқытып, кәсіптік біліктілігін көтеру. Бала бағып, үй шаруасымен ғана шектелмес үшін Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 10 айлық курсты тәмамдадым, – дейді екі баланың анасы.
Қазір Арайлым Мергенбайқызының 3-разрядты аспазшы екендігін растайтын арнайы сертификаты мен дипломы бар. Ол ыстық тамақтың түр-түрін дайындап, торттың кез келгенін, бисквит, вупипай, микс пирог, пахлава, түрік тәттілерін орешки, зефир, блины, самса мен чебуректерді тапсырыспен пісіреді. Соның арасында қарап отырмай, жарыстарға қатысып бағын да сынайды. Сондай облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Worldskills Kazakhstan» байқауында «Аспаз ісі» бойынша үшінші орынды иемденген.
– «Бизнес Бастау» жобасының да игілігін көрдім. Оқу аяқталған сәттен бастап бизнес жоспарын әзірледік. Егер бизнес жоспарын әзірлей алмаған жағдайда аудандық кәсіпкерлік палатасы бағдарлама шеңберінде дайындауға көмектеседі. Бұл бағытта 1 ай бойы оқығандарға бір жолғы степендия төленеді. Олар да тегін оқиды. Мұнда белгілі бір кәсіпті игермейсіз. Тек бизнес-тренерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, саладағы заңнамалар, маркетинг стратегия, салыққа қатысты мәліметтерден хабардар етеді. Соның арқасында «Арай» атауымен жеке кәсібімді аштым. Қалай тұтынушыларды тартуды үйрендім, – дейді кәсіпкер.
Осылайша Арайлым бала кезден хоббиі болған істі ұршықша иіріп отыр. Мұнымен тоқталмақ емес, оның алға қойған мақсаты мен жоспары жетерлік. Қазіргі кәсібін жеңілдетілген несие алып, әрі қарай жаңаша дамытуды ойлайды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
13 ақпан 2021 ж. 2 575 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930