Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 925 тұрғын қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

Қазалыда 925 тұрғын қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

Елде қолынан іс келетін азаматтарға кәсіп ашып, өз жұмысын бастауға арналған түрлі бағдарлама бар. Соның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі өте жоғары.
Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2020 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (стартап) алуға 513 млн теңге қаржы қаралды.
Бұл қаржы аудандағы 925 тұрғынға беріліп, кәсіптерін ашуға септігін тигізді. Өз кезегінде олар берілген қаржыға қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар мен төрт түлікті сатып алды.
Қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендердің бірі – Шәкен ауылында тұратын ІІІ-топ мүгедегі Жарқынай Әлімбетова. Ол 555 600 теңгеге тігін шеберханасына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.
Айта кетейік, грант алған азаматтардың 248-і жас, 490-ы көп балалы отбасы мүшелері, 9-ы мүмкіндігі шектеулі жан болса, 178-і басқа санаттағы жұмыссыздар.

Қазалы ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі
31 желтоқсан 2020 ж. 2 925 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031