Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жатақханалардың жағдайы жіті бақылауда

Жатақханалардың жағдайы жіті бақылауда

"Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының бастамасымен студенттерге арналған жатақханаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Негізінен, әлеуметтік нысандардың сапасы, жағдайы, қыс маусымына дайындығы қаралды.
Тексеру тобының құрамында депутаттар, бастауыш ұйым төрағалары мен "Jas Otan" жастар қанатының жетекшісі бар.
Мониторинг алдымен Әйтеке би кентіндегі Көлік-техникалық жоғары колледжінде басталды. Мұндағы жатақхана 100 орындық. Студенттердің сабақ оқып, демалуына толық жағдай жасалған. Колледж басшылығы алдағы уақытта ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Жатақхана демалыс орны, оқу залы, жуыну бөлмесі т.б қажеттіліктермен жабдықталған.
Партиялық бақылау тобы мұнан соң ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын іргелі оқу орны Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы-техникалық колледжіндегі жатақхана жұмысымен танысты. Бұл оқу орнындағы жатақхана 35 орынмен қамтылған. Мұндағы жатақханада әлеуметтік жағынан аз қамтылған, алыс елді-мекендерден келетін білім алушылар орналасқан.
«2016 жылы күрделі жөндеуден өткен жатақхананың қазіргі жағдайы жақсы деңгейде. Қазіргі таңда барлық студент үшін жағдай жасалды. Студенттер үшін кір жуатын бөлме, дәмхана, асхана, оқу залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жуыну бөлмесі бар. Пандемия бітіп, оқу дәстүрлі түрде жалғасатын болса, біз студенттерді қабылдауға дайынбыз», - дейді колледж директорының міндетін атқарушы Арман Мусаев.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
08 қараша 2020 ж. 293 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031