Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Ауданда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сала мамандарымен бірлесе жұмыстар атқарылуда. Нақты айтқанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын қамтамасыз ету және олардың бағасының күрт өсуін болдырмау бағытында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бұған орай тиісті талдау жасалып, үнемі бақылауға алынуда.

Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес 2020 жылға әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленді. Осыған байланысты аудандағы ірі сауда желілерінде өнімдердің толымдылығын және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде аудандағы көтерме тасымалдаушылармен келіссөздер жасалды.
Мамандардың айтуынша, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде, қазіргі таңда алты тауардың бағасы облыста белгіленген шекті мәнінен жоғары болып отыр. Атап айтсақ, қарақұмық жармасы 11%, нан 1%, басты пияз 51%, асханалық сәбіз 39%, картоп 98% және құмшекер 8%.
Бағалардың жоғарылауына бірнеше себеп бар. Яғни қарақұмық жармасы және қант өнімдерінің қымбат бағада тасымалдануы, сиыр еті сойыстық малдардың тапшылығынан сырттан әкелінуі, картоп, басты пияз және асханалық сәбізді көтерме тасымалдаушылардың қымбат бағада жеткізуі болып отыр.
Ал қалған он екі тауардың бағасы белгіленген шекті мәнінен төмендеген. Олар күріш 27%, бірінші сортты бидай ұны 10%, рожки 23%, тауық еті 28%, тауық жұмыртқасы 31%, айран 9%, сиыр еті 1%, сүзбе 55%, сары май 48%, күнбағыс майы 2%, қырыққабат 36% және ас тұзы тұрақты қалпында.
– Облыс әкімінің тапсырмасына байланысты «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы акционерлік қоғамымен бірлесіп аудан аумағында әлеуметтік дүкен ашу үшін көлемі 900 шаршы метр құрайтын 3 жер телімі бөлінді.
Алдағы уақытта, сауда орнының құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Бұл жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15%-ке төмен бағада сатылатын болады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


11 тамыз 2020 ж. 1 457 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930