Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа кресло-арбамен қамтамасыз етіліп жатыр

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа кресло-арбамен қамтамасыз етіліп жатыр

Қазақстанның бірқатар өңірінде мүгедектігі бар адамдарға электр жетегі бар кресло-арба беріле бастады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жыл соңына дейін облыста р және республикалық маңызы бар қала лар да ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 1381 арба жеткізу жоспарланып отыр. Мүгедектер арбасын өндіруші «Тыныс» АҚ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК еншілес ұйымы болып табылады. Тауар өндіру кезінде қазақстандық қамту үлесі 75% құрайтынын атап өту керек. Жалпы салмағы - 75 келі, жүру қашықтығы - 25 шақырымнан асады, жүк көтеруі - 140 келіге дейін. Бұл - қазақстандық конструкторлардың өздері құрастырған өнім. Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жеткізуші 817 кресло-арбаны еліміздің 12 облысына (Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан) және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына жөнелтті. Жылдың соңына дейін тағы 564 электр жетегі бар кресло-арбаны жеткізу жоспарланған. Бұл шара ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ыңғайлы және өз бетінше қозғалуға мүмкіндік береді, бұл олардың әлеуметтенуін арттырады.

27 қараша 2020 ж. 716 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 81

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930