Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

  25 шілде күні антициклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
  Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.
  Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында оған күндіз шаңды дауыл араласады.
  Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.
  Бұдан басқа, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Baq.kz
25 шілде 2018 ж. 1 151 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 57

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 85

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031