Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ХҚО-дан жүргізуші куәлігін алғандар саны жинақталды

ХҚО-дан жүргізуші куәлігін алғандар саны жинақталды

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші куәлігіналу мен көлікті тіркеу қызылордалықтар арасында ең көп тараған қызметтердің бірі болып табылады екен. Осы жылдың өзінен басынан бастап Авто ХҚО арқылы қала бойынша 6546, аудан бойынша 3696 жүргізуші куәлігі берілген. Жалпы, облыс бойынша 10242 жүргізуші куәлігі алынған. Ал, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде жүргізуші куәлігін алғандар саны 6364 құрайды.
Сонымен қатар, облыс бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін 290 азамат емтихан тапсырған. Оның ішінде 57 азамат емтиханды сәтті тапсырып, жүргізуші куәлігін оңай әрі жылдам алған.
Естеріңізге сала кетейін, қазіргі таңда жүргізуші куәлігін алу мен мерзімін ұзарту бұрынғы кезге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы болды. Енді жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі өткен жағдай да электрондық үкімет порталын пайдаланып, медициналық тексерістен өту арқылы жаңартуға болады.
Сонымен қоса, жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды сынақ (пробный) ақылы түрінде күнделікті тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
15 қазан 2020 ж. 808 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 78

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 80

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930