Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ автокөлік жүргізушілеріне тағы да бір жағымды жаңалығын ұсынды. Енді жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыруға болады.
Аталған қызметті онлайн-режимде алу механизмі қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, тиісті өтінімді толтырып және өзінің жеке электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойса болғаны. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса беріледі.
Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін (қосылған жағдайда хабарлама SMS-хабарлама түрінде жіберіледі) мамандандырылған ХҚКО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге үшін ғана барады.
Мамандандырылған ХҚКО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады.
Жүргізуші куәлігінің мемлекеттік баж құны бұрынғысынша өзгертусіз қалды – 1,25 АЕК көлемінде, яғни 3 006, 25 теңге.
Егер сіз жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кеткеннен кейін ауыстыратын болсаңыз, онда Сізге психдиспансер мен наркодиспансерден анықтама, сондай-ақ 083-формадағы медициналық анықтама қажет болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері 1,6 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы ауыстырған.
16 шілде 2018 ж. 1 594 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 183

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 131

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930