Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы қаласында «COWORKING» орталығы ашылды

Қазалы қаласында «COWORKING» орталығы ашылды

Бүгін жақында ғана жаңа ғимаратқа көшкенқалалық кітапханада «Сoworking» орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, орталықтың жұмысымен танысты.

Мұнан соң кітапхана қызмектерлері Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев оқыған №16 мектептің тарихы туралы айтып беріп, жерлесіміз жайлы жазылған шығармалармен таныстырды.
– Цифрлы Қазақстан жобасы аясындағы бұл игі іс оқырмандар қатарын көбейтуге өзіндік ықпалын тигізері анық. Заман талабына сай, әлемдегі дамыған елдердің кітапханасында ұсынылатын қызмет түрін қазақ қоғамына енгізудің өзі – жаңару мен жаңғыруға бастаған үлкен қадамның бірі. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс, – деген Мұрат Нәлхожаұлы кітапхана қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Кітапханашылардың айтуынша, «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. Бұл жерде қала жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
28 тамыз 2020 ж. 990 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30