Аудан әкімінің құттықтауы
Сіздерді салық қызметінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Еліміздің қаржы секторында салық органдарының қызметі ерекше. Мемлекет қазынасының толықтығы – жалақы мен зейнетақының уақытылы төленуінің, балабақша, мектеп, аурухана құрылыстарының көптеп салынуының, қала мен ауылды сәулеттендіріп, көркейтудің кепілі. Сондықтан, «салық – өркениетті және мәдениетті мемлекетте өмір сүрудің өтемі» деген сөз бекер айтылмаса керек.
Бұл орайда аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қазынамыздың молаюына аудан салықшыларының қосып отырған үлесі зор. Салық базасын кеңейту бағытында да атқарып отырған жұмыстары қомақты. Өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай орындап, мемлекеттік бюджет кірісін жыл сайын болжамды көрсеткіштен асыра орындап келеді. Осындай жігерлі еңбектері үшін сала мамандарына шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Ізгі ниетпен, Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының әкімі
"Қазалы" ақпарат