Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда салық базасы ұлғайтылуда

Қазалыда салық базасы ұлғайтылуда

Аудан әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде салық базасын ұлғайту мәселелері талқыланды. Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергеновтің баяндауынша, ауданда салық базасын ұлғайту жөнінде 3 жедел топ құрылған. Бірінші топ бақылау кассалық машинаны қолдану, чек талап ету жұмыстарымен, екінші топ құрылыс объектілерін зерттеу, тіркелмеген объектілерін салық төлеуге тарту жұмыстарымен, үшінші топ жолаушы, жүк тасымалы бойынша жұмыстар атқаруда.
Мәжілісте қаралған өзге де мәселелер бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Ғалымжан Бердібеков, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұрат Бекмамбетов хабарлама жасады.
Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тиісті сала басшыларына аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кассалық аппаратпен жұмыс жасауына бақылау жүргізіп, тұтынушыларға чек басылуына рейдтік жұмыстарды жалғастыруды, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтардың тізімін анықтауды, жоспарланған әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тиісті жұмыс жүргізіп, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
09 ақпан 2018 ж. 1 632 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031