Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Мұрагер» мектебіне Абай есімі беріледі

Қызылордада «Мұрагер» мектебіне Абай есімі беріледі

Қызылордада «Мұрагер» мектебіне Абай Құнанбайұлының есімі беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.
Абай күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» атты республикалық онлайн конференциясы, «Абай – адамзат тарихындағы ұлы тұлға» тақырыптарында Абай оқулары, Қазақстанның халық артисі Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің онлайн көрсетілімі және тағы басқа шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ұлы Абайдың шығармаларын жатқа оқудан «Абай күні» челленджі #ABAI175 #ABAIKUNY хештегтерімен насихатталады. Қазақтың дара ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай есімін ұлықтау мақсатында облыс бойынша 3 елді мекенге, 4 мектепке және 86 көшеге есімі берілген. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында орналасқан аллеяға Абай есімі беріліп, оның қара сөздері тасқа қашалып жазылды. Абайдың мұра­сын, оның асқақ тұлғасын биікке шығару бір күн­ге байланып қалмайтыны белгілі, – деді Серік Әбжәліұлы.
09 тамыз 2020 ж. 773 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031