Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай күні қалай атап өтіледі?

Абай күні қалай атап өтіледі?

Ертең, 10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтеледі. Мерейтой аясында республика бойынша 100-ден астам шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус індетіне байланысты барлық іс-шара онлайн форматта өтіп жатқаны белгілі. 10 тамыз күні де Хәкім Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі бар іс-шара онлайн түрінде ұйымдастырылады.
Сонымен 10 тамызға Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығы «Хəкім Абай» атты арнайы мəдени бағдарлама дайындап, іс-шаралар легін Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығумен бастайды. Осыдан кейін мереке өңірлердегі танымал мəдениет жəне өнер қайраткерлерінің Абай шығармаларын оқуымен жалғасады.
Дəл осы күні Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында «Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат» атты халықаралық конференция өтеді. Жиынға танымал ғалымдар, абайтанушылар, Ресей Федерациясы Əдебиет академиясының академигі Г. Пряхин, түрлі мəдени жəне ЖОО басшылары қатысады.
Сонымен қоса тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, «Абай-Шəкəрім» мавзолейіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болады.
09 тамыз 2020 ж. 1 157 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 47

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 82

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 132

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031