Жақсының аты өшпейді
Құрметті теміржолшы Қосжар Машенбаев жарты ғасыр ғұмырын сүйікті кәсібі – теміржолға арнаған жан болды. Мектептен соң Қазалы теміржол училищесінде кәсіби білім алып, 1961 жылы он сегіз жасында еңбекке араласқан еді.
1943 жылы Арал ауданының Қосжар ауылында туып-өскен Қосжар Нағашыбайұлы саладағы алғашқы еңбек жолын Қарағандының Ағадыр станциясында вагон жөндеуші болып бастаған. Екі жыл аталған станцияда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтағаннан кейін 1963 жылы Қазалы вагон пайдалану депосына ауысады. Бірте-бірте сатылап өсіп, депоның вагон шебері, Қызылорда техникалық қызмет көрсету бекетінің шебері, 1976 жылдан бастап осы бекеттің бастығы, депо директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқара жүріп, вагон шаруашылығының дамуына біркісідей үлес қосады. 1995 жылы аталған саланың жоғары марапаты «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталады. 2006 жылы зейнетке шыққаннан кейін де қарап отырмай оншақты жыл «Марал-Нұр» серіктестігінде басшының вагон пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқарады.
Саналы ғұмырында қай қызметті болмасын адал және абыроймен атқарып, өңірдегі вагон шаруашылығының дамуына осылайша өлшеусіз үлес қосты. Ол сондай-ақ жастайынан спорттың баскетбол, волейбол, футбол түрлерімен айналысып, сырнай, домбыра тартып, ән шырқап, облыс көлеміндегі спорттық, рухани-мәдени, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
Өкінішке орай, ардагер теміржолшы туралы бүгінде өткен шақпен естелік айтуға мәжбүрміз. 2019 жылы дүние салған Қосжар Нағашыбайұлы жайлы әріптестері мен шәкірттері жылы лебіздерін білдіріп, оның шойын жолдың барлық сатысынан өткен, білімі мен білігі келіскен сауатты маман болғанын айтады. Кезіндегі әріптесі жайлы естелік жазған ардагер локомотивші Төлеген Жылкелдиев те Қосжар Нағашыбаев та арманына қол жеткізген жан деп ой түйеді. Өзінің айтуы бойынша «жарқ-жұрқ еткен форма киіп жүретін теміржолшыларға бала кезден қатты қызыққан. Мен де теміржолшы боламын» деген байлам сол кезден-ақ пайда болып, балалық арманының жүзеге асқаны сол, жай қатардағы теміржолшы болып қана қойған жоқ, Құрметті теміржолшы атанды.
Қызметтестері мен шәкірттері оның болат жол жұмысын шебер ұйымдастыра білетін басшы болғанын, жас мамандарды тәрбиелеуде көп еңбек сіңіргенін мақтаныш етеді.
– Вагон шаруашылығының өркендеуіне өмірінің 48 жылын арнаған ол вагон қараушыға тән ерекшеліктерді саусақпен санағандай саралап, әріптестерін осы істің қыр-сырын терең меңгеруге үйретуден жалыққан емес. Балалық арманымен теміржолшы болуды мақсат етіп, сол бағытта талайлы тағдыр кешсе де мойымаған қайсар жан әріптестерім Әмір Смағұлов, Алмат Молдашев және маған ақылшы ұстаз болды, – дейді Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Құрманғазы Қизатов.
Бұдан бөлек Әйтеке би кентінің тұрғыны, көп жыл мемлекеттік қызметте істеген еңбек ардагері Нәзігүл Өткелбай: «Мен туыстық жағынан Қосжар ағаға балдыз болып келемін. Ол кісі тынымсыз тірліктің бел ортасында жүрсе де ағайынмен аралас-құраластығын үзбеуге көп көңіл бөлетін. Олардың қуанышы мен ренішіне ортақтасуды естен шығармайтын. Қолдан келгенінше барлығына қамқорлық танытып отыратын.
«Орнында бар оңалар» деген. Оның сүйікті қызы – Гүлнардың әке жолын жалғастырып, осы саланың ыстығы мен суығын бастан кешіріп жүргенін мақтаныш етеміз. Ағамызды кәсіби мерекесі үстінде сағынышпен еске алып, адами қасиеттерін атап өтуді жөн көрдік» деген жүрекжарды лебізін алға тартты.
Жақсының аты өшпейді. Қосжар бүкіл ғұмырында адамгершілік биік тұлғасымен, көпшілдігімен, терең білімімен теміржол жүйесіне қосқан лайықты үлесімен дараланды. Халықтың шынайы құрметіне бөленіп, соңына өшпес әрі өнегелі із қалдырған ардақты да атпал азаматтың есімі оны білетіндердің жүрегінде мәңгілік сақтала береді.

Азамат ҚҰЛЫМБЕТ