Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін дәрілер: Қазақстанда мобильді қосымшада жаңа қызмет іске қосылды

Тегін дәрілер: Қазақстанда мобильді қосымшада жаңа қызмет іске қосылды

Қазақстандықтар жаңа қызмет арқылы енді амбулаторияда емделу үшін қандай дәрі-дәрмектер, мамандандырылған медициналық мақсаттағы бұйымдар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы мәліметті біле алады.

Тегін дәрі-дәрмектің бар-жоғын білу үшін бірінші кезекте eGovMobile мобильді қосымшасын телефонға жүктеу керек. Одан "Денсаулық сақтау" бөліміндегі "жеке санаттағы азаматтарға дәрілік заттарды ұсыну" қызметін таңдап, оған тапсырыс берсе болғаны. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясындағылар бұл тапсырыстың бір жұмыс күннің ішінде орындалатынын мәлімдеді.
"Біз қазір азаматтарға дәрі-дәрмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етіп жатырмыз. Бұл салада бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қажетті препаратты енгізген кезде оның бар-жоғын біле аласыз. Бар болған жағдайда қай дәріханадан ала алатыныңыз көрсетіледі", - деді қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.
Медициналық қызметтерді алудан бөлек, бұл қосымшада жылжымайтын мүліктің электрон техникалық паспортына да қол жеткізуге болады.
23 шілде 2020 ж. 842 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 116

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930