Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін дәрілерді онлайн қадағалауға болады

Тегін дәрілерді онлайн қадағалауға болады

«СҚ-Фармация» базасында емханаларда тегін дәрілердің бар-жоғы бойынша Бірыңғай электронды анықтамалық әзірленуде. Бұл жоба бірыңғай дистрибьютормен денсаулық сақтауды цифрландыру жөніндегі бағдарламаның шеңберінде әзірленіп отыр. Анықтамалық пациенттердің дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректерді: медициналық ұйым қандай дәрі-дәрмектерге өтінім берді, дәрілер қашан және қандай көлемде жөнелтілді, ағымдағы сәтте олардың бар-жоғы, сондай-ақ препараттардың келесі жеткізілімінің мерзімдерін онлайн-режімде көруіне мүмкіндік береді.
«СҚ-Фармация» ЖШС Ақпа­раттандыру басқармасының бас­шысы Нұрбол Жұмаділдәнің ай­туынша, бұл жоба тегін меди­циналық көмектің мемлекет ке­пілдік берген көлемі шең­бе­рінде дәрілік қамтамасыз ету үде­­рісінің ашықтығын қам­та­ма­сыз етуге арналған. 
Бірыңғай дистрибьютордың Ақпараттандыру басқармасының басшысы «Пациенттер сырқаты үшін емхана қандай препараттарға тапсырыс бергенін көре алады. Бұдан басқа, олар дереу сол жерде өз дәрілерін алу мақсатында медициналық ұйымға қашан бару керек екенін реттеу үшін, дәрілердің келесі жеткізілімінің уақытын да көре алады.
Бұдан басқа, ақпараттандыру шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдар жұмыс істеуі тиіс ақпараттық жүйелерді – Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін және бірыңғай дистрибьютордың Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұған дейін жүйелердің шашыраңқылығы статистикалық есепке алуға да кедергі келтіріп, жұмысты да қиындатып келген еді, ал олардың әрқайсысында жеке жұмыс істеу едәуір уақыт алатын.
«Сондай-ақ ұйымның жос­парында Бірыңғай дис­три­бьютордың сатып алу рәсім­дерін барынша ашық етуге мүмкіндік беретін сатып алудың электронды форматына көшу, бірыңғай дистрибьютор мен медициналық ұйымдар арасында электронды өзара іс-қимыл жасауға көшу бар. Алдын-ала есептеулер бойынша, қағаз та­сы­малдағыштардан бас тарту республика бойынша жылына 70 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба 1 мамырдан бастап екі аймақта – Қарағанды және Ақмола об­лыстарында қанатқақты түрін­де іске қосылған, ал жыл со­ңы­на дейін бүкіл ел бойынша элек­тронды өзара іс-қимылға көшу жоспарланып отыр», деді Н.Жұмаділдә. 
11 мамыр 2018 ж. 1 343 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031