Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық ауруханаларға 5 оттегі концентраторы табысталды

Аудандық ауруханаларға 5 оттегі концентраторы табысталды

Қазіргідей эпидимеологиялық ахуал күрделі кезеңде ауруханада жатқан әрбір науқастың денсаулығы біз үшін өте маңызды. Сондықтан да елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап ауданда аурудың алдын алу және жұқпалы індеттің таралмауы үшін көптеген жұмыстар қолға алынды. Сондай-ақ, жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес 5 оттегі концентраторы сатып алынды. Ол үшін аудандық бюджеттен арнайы қаржы бөлінді.

Оттегі концентраторы жұқпалы індетке шалдыққан науқастарды емдеуде таптырмайтын құралдардың бірі. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиева алдымен 3 дана оттегі концентраторын Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақыткүл Әлішеваға табыстады.
Қазіргі таңдағы бұл аппараттардың маңыздылығын айтқан Бақыткүл Әлмәмбетқызы аудан басшылығына алғысын айтты.
– Бүгінгі күні елімізде өршіп тұрған «COVID-19» инфекциясы мен пневмонияны емдеуде бұлтыныс алу аппаратының маңызы зор. Себебі мұндай диагнозбен ауырған науқастарға оттегі ауадай қажет. Осындай қысылтаяң сәтте дәрігерлерге қолдау көрсетіп жатқан аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлына ризашылығымызды білдіреміз. Аудан басшысы бұған дейін де күні-түні аурумен арпалысып жатқан ақ халаттыларға көмегін аяған емес, – дейді Бақыткүл Әлішева.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев Қазалы теміржол ауруханасына барып, Құбыл Ршымбетов бастаған медицина қызметкерлеріне 2 дана оттегі концентраторын табыстады. Өз кезегінде Қазалы ауданының құрметті азаматы, тәжірибелі маман Құбыл Ршымбетов қолдау көрсеткен аудан басшылығына өз алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бір адамға арналған «Armed» 7F – 3L оттегі концентраторы минутына 3 литр, сағатына 180 литр оттегі өндіреді. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, толық 1 оттегі баллоны 40 сағатқа ғана жетеді. Ал, бұл аппараттың тиімділігі 24 сағат бойы жұмыс істей береді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 шілде 2020 ж. 1 055 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930