Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыру үшін 100 мың теңге аударды

Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыру үшін 100 мың теңге аударды

Қазіргідей эпидимеологиялық ахуал күрделенген уақытта аудан кәсіпкерлері жұқпалы аурумен арпалысып жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетіп, қолдарынан келген көмекті аямауда.

Күні кеше «Құрметті жолшы» төсбелгісінің иегері, «Қазалы-Жолшы» ЖШС директоры Серік Өтегенов аудандағы ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етіп отырған «Шапура Қазалы» серіктестігіне 100 мың теңге аударды. Бұл қаржыға 50 баллон оттегіге толтырылып, Қазалы теміржол ауруханасына жеткізілетін болады.
Айта кетейік, аудандағы ауруханаларға дәл осындай көмекті аймағымызға белгілі кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп пен Мнажадин Өтеев те көрсеткен болатын.
Қолы ашық кәсіпкерлердің көрсеткен демеушіліктеріне, қамқорлығына аудан дәрігерлері дән риза. Олар бұл оттегі баллондарының қиналғанда еміне шипа іздеп келген науқастардың денсаулығының дұрысталып кетуіне септігін тигізетініне сенімді.
Біз өз кезегімізде қиын сәтте қол ұшын созған азаматтарға алғысымызды айтып, кәсіптеріңізден береке табыңыздар дегіміз келеді!
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
17 шілде 2020 ж. 773 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 43

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 45

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930