Оттегі баллонының жетіспеушілігі байқалуда
Елде індетпен ауырғандар саны азаймай тұр. Жұқпалы дерт тыйылмай, тіпті өршіп ахуал күрделене түскені жасырын емес. Ауруханаларда дене қызуының көтерілуімен, ең сорақысы, өкпенің қабыну процесімен жедел жәрдем қызметі жеткізіп жатқан адам қарасы көп. Күніге кем дегенде 5-6 науқас ауыр жағдайда төсекке таңылуда. Олардың денсаулығын түзету мақсатында ақ халаттылардың еткен еңбегі өлшеусіз. Қиын жағдайға тап болған медицина саласы қызметкерлері әрбір аурудың өмірі үшін күн-түн дамылсыз күресуде. Сын сәтте оларға індетті ауыздықтау оңайға соқпай тұр.
– Қазір жансақтау бөлімінде 4 жасанды тыныс алу аппараты бар. Оның 3-еуіне өкпесі қабынғандар жатқызылған. Індет басталғаннан терапия бөлімінен арнайы 20 төсек бөлінген. Бірақ науқастар санының көптігінен тағы қосымша қосылды. Осы күнге дейін күніге 10 науқас түссе, бүгінде 5-6 адамнан жатқызылуда. Бұрын оттегі баллонын бір айда 50 данасын қолдансақ, бұл күні 300-350-ге дейін жаратудамыз. Қорғаныш киімдері де шақ келмеуде. Бізге оттегі баллонын, қорғаныш киімін алуға көмек беретін жандар болса, қуана қабыл алар едік. Осы жағы ескерілсе екен дейміз, – дейді Қазалы теміржол ауруханасы директорының алғашқы медициналық санитарлық көмек жөніндегі орынбасары Сейілхан Артықбаев.
Айта кету керек, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп аудандық және теміржол ауруханасына 100 оттегі баллонын өз қаражаты есебінен алып берген. Ал жеке кәсіпкерлер ерлі-зайыпты Нұрлыбай мен Шакизада Асқаровтар науқастарға пайдалануға азық-түлік пен 3 қой берген.
Мамандардың айтуынша, әлемнің бірде-бір елі бұл індетпен күресудің оңай жолын тапқан жоқ. Карантин жағдайын ескеріп, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтап, жеке бас тазалығын, әлеуметтік арақашықтық талаптарын орындау абзалырақ. Осы арқылы індетке қарсы күресте дертті ауыздықтауға болады. Қазіргі жағдайда әр азамат бүгінгі пандемияға бейжай қарамауы тиіс. Медицина саласының қызметкерлері тың бағытта жан-жақты әрі жүйелі жұмыс атқаруда. Сондықтан әрбір қазалылық орын алған қиындықтарды түсініп, дәрігерлер тарапынан қолданылып жатқан шараларға үлес қосса құба-құп дейді медицина саласының қызметкерлері.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА