Қандай дәрілерде кері әсер болуы мүмкін – инфекционист түсіндірді

Журналистер спикерден шетелдік басылымдарда кей дәрілік заттарды уытты деп жатқанын, оның кейбірі Қазақстанда неге рұқсат етілгенін сұраған болатын.
Біз қолданып жүрген парацетамол да - токсинді препарат. Қазір беріліп жатқан дәрілер көбіне стационарда емдеуге арналған. Бұл дәрілерді қабылдау кезінде дәрігердің бақылауында болу керек. Көп дәрілер пациентке алдын ала түсіндіріліп, айтылған соң оның келісімімен беріледі. Біз дәрінің пайдасы қаупінен асып түскен жағдайда ғана тағайындаймыз. Қаупі жоғары болса, берілмейді, - деді Тамара Утағанова.