Күн жаманы кетер

Дана халқымыз «Күн жаманы кетер» деп бекер айтпаса керек. Бұл сәттер де өткен жылдардың елесінде қалып, әні-міне дегенше әлемді жайлаған індеттен толық айығар уақыттың да келер күні алыс емес деп ойлаймын.
Күн санап вирус жұқтырғандар саны өсіп келеді. Өмірден өтіп жатқандары қаншама. Осы орайда елімізде енгізілген екі апталық карантин режимін өте орынды деп санаймын. Бұл шешім өз нәтижесін береді деген үміт басым.
Бірінші байлық – денсаулық. Бұл сөздің мағынасын түсініп, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын аса қауіпті дерттің бетін қайтаруда әр азаматтың амандығы үшін біркісідей күресе білейік.
Мінәжадин ӨТЕЕВ,
облыстық мәслихат депутаты
облыстық мәслихат депутаты