Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қазақстандықтарды бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды

Тоқаев қазақстандықтарды бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды

Елімізде коронавирусқа қатысты арандатушы ақпарат таратып, халықты түрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде айтты.
«Арандатушы ақпарат таратып, халықты түрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Қазақстанның барлық азаматын сабыр сақтап, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырамын. Халқымыздың рухы күшті, әсіресе бүгінгі күні бізге оптимизм қажет және өмірге позитивті қарау аса маңызды», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты үндеуінде.
Сондай-ақ, ол қазақ халқы басынан небір қиын кезеңдерді өткізгенін айтты.
«Біз тарихымызда басымыздан небір қиындықтарды өткізген халықпыз, сол сынақтардан ең алдымен береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін. Халқымыз – аман, жұртымыз – тыныш болсын. Біз біргеміз!», – деді ол.
Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланды.
16 наурыз 2020 ж. 911 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 113

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 127

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930