Белгіленген ережені бұзбайық

Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін сәуірдің соңына дейін созуды тапсырды. Бұл әлі де болса вирустың қауіптілігі сейілмегенін көрсетеді. Бірақ қаншама қилы заманда ұлт амандығын, құндылықтары мен қоса бір-біріне деген бауырмалдылығын сақтап қалған қазақ жұрты бұл кеселді де оңай еңсеретініне сенімдімін. Оның үстіне қазақ халқы кез келген қиындыққа шыдамды, ауруды оңай еңсере алатын қасиетке ие екенін естеріңізге саламын. Десек те қазалылық жерлестерімді үйден себепсіз шықпай, карантин ережелерін сақтауға шақырамын. Дәл бүгінгі күні миллионнан астам адамға жұғып, үлгерген вирустан қорғанудың бұдан асқан емі жоқ. Сол үшін де «Күн жаманы кетер» дегендей бәріне шыдамдылық көрсетіп, жігерімізді жаныйық. Бастысы жауапты сала мамандарының кеңесін бұлжытпай орындап, үйде қалып, тиісті орындардың өнімді жұмыс істеуіне кедергі келтірмейік, ағайын!
Батырбек ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
№249 мектеп-лицей директоры
№249 мектеп-лицей директоры