Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ине-жіптен игілік иірген

Ине-жіптен игілік иірген

Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы ретінде үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған бұйымдардары қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауын қажет етеді.
Халық өнерінің сарқылмай дамуы үшін ол шебер жандардың колында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле береді. Осындай өнерді дамытып отырған ақтанбатырлық Жанар Жәдігер қыз жасауы, қырқынан шығару, тұсау кесер рәсімдеріне қажетті қазақи ою-өрнекпен әшекейленген заттар жасайды. Мұнан бөлек ісмер жас той қалыңдығына арнап гүл, моншақ пен бисерлерден құрастырылған сәндік бұйымдар дайындайды. Сонымен қатар фетр матасынан түрлі себеттер мен той шашуына арналған сөмке тігеді.
– Бүгінде адамға бір кәсіп аздық етеді. Тұрақты жұмыстан түсетін табысқа ғана сеніп отыра беруге болмайды. Дағдарыс пен дамуды қатар кешкен қоғам тек таза еңбек пен үнемшілдікке қалыптасуы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан халықтық қолөнерге өз үлесімді қосқым келеді. Ине-жіппен жұмыс істеу шығармашылық қабілет пен асқан төзімділікті қажет етеді. Қазір бәрі дайын. Қалауыңа қажетті дүниелер сырттан жеткізіліп тұр. Дегенмен қолдан жасалған бұйымдарға да сұраныс артуда. Халық бір-біріне ұқсайтын заттардан жалыға бастады. Сондықтан ісмерлердің туындысына жүгінеді. Құдайға шүкір тұрақты тұтынушыларым бар. Дайындалған дүниелерім лезде иесін табады. Тапсырыс та көп, – дейді Жанар Жәдігерқызы.
Оның айтуынша, тігіншілік өнерді анасынан тәтесі Гүлзат меңгерген. Ол алғаш рет ескі шалбардан Жанарға сабаққа ұстайтын сөмке тігіп берген. Содан бері тәтесінің жанында жүріп тігін тігуге деген қызығушылығы артқан. Мектеп қабырғасында жүріп өзіне ұнаған киім үлгілерін пішіп, тігіп алатын.
Қазір ісмер жас отандық өнерді дамытып, танымал дизайнер болуды армандайды. Ине-жіптен игілік иірген ісмер ісіне біз де сәттілік тіледік.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
08 шілде 2020 ж. 1 575 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930