Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Зергерлік сырын ұғынған

Зергерлік сырын ұғынған

Қазалылық жас зергерлер Берік пен Айдар күмістен түрлі әшекей бұйымдар жасайды. Олардың қолынан шыққан алқа, сақина, сырға, білезіктерді тек қана Қазалының тұрғындары ғана тұтынбайды. Тапсырыстар әр қаладан түседі екен.
Берік Бақытжан Тараз қаласының тумасы. Төртінші сыныпты бітірген жылы отбасы Әйтеке би кентіне көшіп келіп, Берік оқуын Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде жалғастырады. Жас күнінен қолөнер бұйымдарын жасауға икемді бозбала мектеп бітірген соң Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжден «Сәндік қолданбалы халықтық кәсіпкерлік өнер, темір бұйымдарын жасаушы шебер» мамандығын меңгерді. Қазалы көлік-техникалық колледжінде «Дизайнер» мамандығында оқитын студенттерге «Техникалық шеберлік» пәнінен дәріс береді. Ұлттық құндылық қадірін білген зергер Әйтеке би кентіндегі «Бәйтерек» сауда үйінен зергелік шеберхана ашып, жұмыс істеуде. Жуырда Беріктің жанына Тараз қаласынан Айдар есімді досы келді. Екеуі бір оқу орнының түлегі. Олар студент кездерінде «Зергерлік шеберхана ашсақ» деген үлкен армандары болғанын айтады. Бүгінде алға қойған мақсаттары жүзеге асып келе жатқан жас жігіттер алтын-күміс бұйымдарын тазалау, жөндеу, жалғау, сақинаның өлшемін өзгерту, алқаны ұзарту, дәнекерлеу жұмыстарын істейді. Соңғы уақытта адам есімі жазылған алқалар мен неке жүзіктерін тапсырыс бойынша дайындап жүр. Арнайы аппараттар мен құрал-жабдықтарды Шымкент, Алматы қалаларынан алған. Қышқылдардың көмегімен күміс, алтын тағы басқа да бұйымның сапасын анықтайды.
Айдар алдындағы жұмысынан сәл басын алып, «Бізде әшекей бұйымдардың жиынтығы жасалған арнайы кітап бар. Тапсырыс берушілер келгенде соны ұсынамыз. Тапсырыс көп. Кейде үлгермей қалып жатамыз. Болашақта шеберхананың көлемін кеңейтіп, жұмысқа адам алсақ деген ниетіміз бар», – дейді.
Ал, Берік бойындағы зергерлік өнер атасынан дарыған деп санайды. Оның «Ертеректе отырықшы елдің ортасында ғұмыр сүрген атам тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтардың барлығын жасайды екен. Сол заманда халыққа жетіспей жатқан орақ, кетпен, темір ошақ, шелек, жер жыртатын соқаның ұшына кигізілетін пышақ, самаурынның кернайы тағы басқа дүниелерді соққан. Атамның бойындағы осы қасиет маған берілсе керек бала кезімнен темірден, сымнан бірдеңе жасауға құмар болдым», – деген сөзінен аңғардық.
Алған білімі мен тәжірибені ұштастырған Берік пен Айдар алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды күміспен күптеп, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтайды. Сөреден орын алған қазақы оюлармен көмкерілген сақина, сырғалар көздің жауын алады.
«Әрбір өрнектің айтар сыры бар. Тапсырыс берушінің жас шамасына қарай оюлар, графикалық өрнектер сызамыз. Әсем дүние шығу үшін ізденіс керек. Кітапты жиі қараймыз әрі заманауи болуға да көңіл бөлеміз», – дейді жас зергерлер.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
23 қазан 2018 ж. 3 363 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930