Қызылордада 1 маусымнан бастап не өзгереді?
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясының хаттамасына сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап өңірде карантиндік шаралардың алтыншы кезеңі іске қосылды. Осыған орай, назарларыңызға бүгіннен бастап аймақта іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізімін ұсынып отырмыз.
Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 маусымынан (алтыншы кезең) іске қосылатын салалардың және ұйымдардың ТІЗІМІ
Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 20:00 аралығында белгілеу;
Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат 08.00 мен 19.00 аралығында белгілеу;
Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 11:00 мен 23:00 аралығында белгілеу;
Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00 мен 22.00 аралығында белгілеу;
Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 1,5-2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
Спа-орталықтары, ашық жағажайжар (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
Қоғамдық демалыс парктері (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;
Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу;
Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар;
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;
Облыс бойынша орналасқан блок-бекеттерді алу.
kyzylorda-news.kz