Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: 11 мамырдан бастап қандай кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастайды?

Қызылорда: 11 мамырдан бастап қандай кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастайды?

Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырда № 12 қаулысы шықты. Қаулыға сай Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия 11 мамырдан бастап кезең-кезеңімен жұмыс жасауға рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті.
Тізімге сай, 11 мамырдан бастап төмендегі нысандар жұмыс жасайды:
1. Бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
2. Отырғызу орындардың санына сәйкес шектеулермен қоғамдық көліктер (сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін);
3. Қоғамдық моншалар (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін), бір мезетте: - көлемі 100 шаршы метрге дейін 5 адамнан артық емес; - көлемі 100 шаршы метрден жоғары 20 адамнан артық емес.
4. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 30 жұмысшыдан аспауы тиіс);
5. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 30 адамнан аспауы тиіс);
6. Сағат жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау, фотосалондар, жарнамалық агенттіктер, сондай-ақ сұлулық салондары (барлық қызмет түрлері) (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
7. Мал базарлары (сәрсенбі және сенбі күндері, сағат 04.00-ден 09.00-ге дейін);
8. Құрылыс материалдары базарлары (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін); 9. Жұмыспен қамту орталықтары (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін). 18 мамырдан бастап:
1. Балабақшалардың кезекші топтары;
2. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 50 адамнан аспауы тиіс);
3. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 50 адамнан аспауы тиіс);
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден, 17.00-ге дейін) жұмыс жасайды.
25 мамырдан бастап:
1. Қонақ үй кешендері, отелдер;
2. Сауда ойын-сауық орталықтары (футкорттар, балалардың ойын алаңдары мен кинотеатрлардан басқа);
3. Балалар түзету (коррекции) кабинеттері (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
4. Ломбардтар (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) жұмысын жүргізе алады.
11 мамыр 2020 ж. 974 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031