Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктен қандай қолдау күтеміз?

Банктен қандай қолдау күтеміз?

Елде коронавирус індеті тарағалы біршама өзгерістер орын алды. Тіпті төтенше жағдай орнағалы көптеген жұмыс орындары онлайн қызметке көшіп, қызметкерлер уақытша жұмыстан босатылды. Вирус уақытында үйде болу өзіңіздің денсаулығыңыз үшін аса маңызды. Алайда Үкіметтен көрсетілетінқолдау қандай? Қазіргі жағдайдатұрғындардың несиесі кешіріле ме? Міне, халық арасында осы хақында қойылатын сауалдар өте көп.
Бұл жөнінде, Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезінде азаматтар банктерден қандай жеңілдіктер алатынын айтып берген болатын. Ол өз сөзінде:
– Кепілсіз тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырманы іске асыру үшін мынадай шаралар көзделеді: төтенше жағдай кезінде және тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 90 күн өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бұдан ары аталған шара заңнамалық негізде енгізіледі. Жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіру үшін 50 проценттен астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз несие тарихын түзету бойынша мүмкіндік көзделеді, – деді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарға ТЖ кезінде жәрдемақы төленетінін мәлімдеген болатын. Мұндай көмекке 1,5 миллион отандасымыз жүгіне алады. Оның ішінде жеке тұлғалардың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілетіні тұралы айтылған. Шындығында банктер қазақстандықтарға қандай жеңілдік жасамақ?
Еліміздің банктері төтенше жағдай кезінде тұрғындарға қолдау көрсетуге әзір екенін білдірген-ді. Анығында қазіргі жағдайда тұтынушылық несие бойынша қарыз болса, өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. Бұл туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы жария еткен болатын. Тереңірек үңілсек, берілген мәліметте банктер мынадай жеңілдіктер жасайды.
Біріншіден, ТЖ жағдай кезінде туындаған шектеулердің салдарынан борышкер төлем уақытын кешіктіретін болса, осы кезеңде оған айыппұл салынбайды, өсімақы жүрмейді. Ол үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ.
Екіншіден қолданыстағы заңнамаға төтенше жағдайға қатысты өзгерістер енгізіліп, ол өз күшіне енген соң, ТЖ уақытында жеке тұлғалардың төлем мерзімі 90 күннен кешіктірілген кепілсіз тұтынушылық несиесі бойынша банктің пайыздық сыйақы есептелмейтін көрінеді.
Үшіншіден төтенше жадайға байланысты кәсібі тоқырап, қаржылық жағдайы қиындап кеткен кәсіпкерлер мен орта және шағын бизнес өкілдеріне несие төлемін 90 күнге кейінге шегеру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі қарастырылады. Аталған мәселе кәсіпкердің жағдайына байланыстыжасалады. Бірақ әр банктің төлем бойынша ұсынып отырған мерзімі әрқалай.
Осы тұрғыда аудандағы Халық банк филиалыныңбасшысы Тұрат Ақмырзаев:
– Биылғы жылғы 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығындағы төлемдерге несие төлеушінің есепшотында қаражат тұрған жағдайда тұрақты түрде ұсталынып қалады. Егер қаржы болмаса оның үстіне ешқандай үстемақы қосылмайды. Мысалы, несие төлеуге мүмкіндігі жоқтықтан уақыты өтіп кеткен болса15 сәуірге дейін қай күндері болса да төлеп құтылады. Ал несие төлеу үшін немесе басқада сұрақтар болатын болса, ішке келмей онлайн түрде біздің сайтқа өтініш қалдыра алады, – деп жауап берді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
04 сәуір 2020 ж. 699 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930