Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ның қалай өтетіні белгілі болды

ҰБТ-ның қалай өтетіні белгілі болды

Министрлік ұлттық бірыңғай тестілеуді әдеттегі форматта өткізуді жоспарлап отыр, алайда ұйымдастырушылар қосымша санитарлық шаралар енгізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде мектеп түлектеріне 11-сыныптың төртінші тоқсанында оқытылатын бағдарламадан сұрақ берілмейді.

Ата-аналар қашықтан оқу форматына көшкен балалары ҰБТ-ға нашар дайындалады деп уайымдап отыр. Ал тестілеу орталығындағылар қашықтан оқу оқушылардың тестке дайындалуына кедергі келтірмейтінін айтты.
"Оқушыларға төртінші тоқсан бағдарламасынан сұрақтар берілмейді. Яғни, тек 5-сыныптан бастап 11-сыныптың үш тоқсанына дейінгі аралықта сұрақ қойылады. ҰБТ-ны өткізуде бұрынғы формат сақталады, алайда біз қосымша санитарлық шектеу шараларын енгіземіз", - деді Дидар Смағұлов.
Сонымен қатар тест тапсырушылар арасындағы қашықтық ұлғаяды. Жергілікті жерлерде барлық оқушының дене қызуы тексеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетіне байланысты төртінші тоқсанда оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Биыл олар бітіру емтихандарын тапсырмайды.
Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны дәстүрлі түрде маусымның аяғында өткізуді жоспарлап отыр. Алайда министрлік коронавирусқа байланысты жағдай ушығып, карантин режимі жалғасатын болса, Б жоспарына көшетіндерін айтты.

23 сәуір 2020 ж. 888 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031