Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтінім қабылдау қашан басталады?

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтінім қабылдау қашан басталады?

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі осы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халықты хабарландырады. Аталған жұмыс мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Сондықтан өтінім беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет.
Мемлекет осы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет, - делінген ақпаратта. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекітті.
20 сәуір 2020 ж. 548 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031