Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өздері тапсырыс бере алады

Мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өздері тапсырыс бере алады

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарына (бұдан әрі - ТОҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады.
Мүгедектерді оңалту құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ мүгедектер арбалары жатады. Арнайы әлеуметтік қызметтер жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлардың қызметтерін қамтиды.
Бүгінгі күні TОҚ және жоғарыдағы қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі.
Порталдың енгізілуі оңалту қызметтеріне қажеттілікті айқындайды. Ең бастысы, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарының қызмет алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, себебі мүгедектер қажетті құралдар мен қызмет түрлерін өздері таңдай алады.
Порталды енгізу нәтижесінде TОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді проактивті формат арқылы тағайындау бизнес-процестерінің мерзімі 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектігі бар азаматтардың ұсыныстарына сәйкес техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің белгіленген бағаларын өтеу механизмі қарастырылған. Бұл анағұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау барысында порталда қосымша төлем жасау функциясы қолжетімді болатындығын білдіреді.
Сонымен қатар, сертификаттары бар мамандар кеңінен қол жетімді болады, ал медициналық әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі - МӘМ) бірыңғай тізілімінде барлық медициналық әлеуметтік мекемелердің жабдықталуы мен жүктелуі ескеріледі.
Порталдың іске қосылуы оңалту құралдары мен қызметтері, үйден «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек алу, сонымен қатар, жеке қажеттіліктерді есепке алу, өнім берушілер мен қызмет көрсетушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырады және оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруда әлеуетті өнім берушілердің қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартудың Ұлттық жоспары аясында қарастырылғанын еске саламыз.
Бүгінгі таңда «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоры», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.


06 қараша 2019 ж. 1 361 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930